Тимур Бекмамбетов пен Игорь Цай Уильям Шекспирдің пьесасының желісі бойынша «Ромео мен Джульетта» фильмін түсіру жұмыстарын бастады деп хабарлады - Inc-news.ru.
Уильям Шекспирдің атақты пьесасы негізінде жарыққа шыққан фильмдер өте көп. Махаббат жайлы кезекті көркем фильмнің ерекшелігі неде дейтін болсақ, screenlife форматымен түсірілетіндігінде. Бұл форматпен соңғы кезде Бекмамбетов бірнеше фильм түсіріп үлгерді. Барлық оқиға бас кейіпкерлердің айналасында өрбиді, смартфон, компьютер экрандары да пайдаланылады. Сондай-ақ, монтажға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, қоюшы-суретші, қоюшы-операторлардың жұмысы жеңілдетіліп, негізгі салмақ монтаждаушыға түседі.
«Ромео мен Джульеттаға» келер болсақ, фильмнің түсіру жұмыстары өткен айда Лос-Анжелесте басталған. Жобаның режиссері Кэри Уильямс. Ал, басты рөлдерде Камерон Энджелс пен Франческа Ноэль ойнамақ. Бекмамбетов пен Цойдың продюсерлігімен жарыққа шығатын аталмыш фильм Interface Films компаниясының жобасы.